Францияның солтүстік-батысындағы Бретань ауданында коронавирустың жаңа түрі анықталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол аса қауіпті емес. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Коронавирустың бұл түрін анықтау қиын болған. Оны жұқтырған адамдарда SARS-CoV-2-нің симптомдары байқалған. Алайда ПТР-тесттердің нәтижесі теріс шыққан.
"Коронавирустың жаңа түрі Кот-д`Армор департаментінің Ланьон орталығында ауруханадан анықталды. 13 наурызда 79 жағдай тіркелді, оның сегізі коронавирустың жаңа түрі. Олар секвестрлеу арқылы анықталды", - делінген Францияның ДСМ сайтында.
Алдын ала мәлімет бойынша, мамандар оның "қауіпсіздігі мен адамға тарауы туралы" әлі шешім шығармаған. Мамандар вирусты зерттеумен айналысып жатыр және вирустың бұл түрі "алдыңғы вирус кезінде қалыптасқан антидене мен вакцинацияға" қалай әсер ететінін зерттейді.
Ведомство мәліметінше, Франция билігі коронавирустың жаңа түрі туралы ақпаратты халықаралық денсаулық сақтау органдарына жіберген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!