Францияда енді 6 жастан бастап балалар да бетперде тағуы керек

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Францияда 3 қаңтардан бастап қоғамдық орындарда алты жастан он жасқа дейінгі балалар бетперде тағуы керек екені туралы қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG.ru сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Францияда 3 қаңтардан бастап қоғамдық орындарда алты жастан он жасқа дейінгі балалар бетперде тағуы керек екені туралы қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RG.ru сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін 11 жастан асқандар ғана қоғамдық орындарда, соның ішінде көлікте бетперде тағуға міндеттелді. Енді бұл шығармашылық немесе спорттық сабақтарда болмаған кезде одан да төмен жастағыларға қатысты болады. Бұл туралы ресми жарияланған қаулыда айтылды.

Мамандар қазір Франциядағы жағдай тұрақты емес екенін мәлімдеді. Тәулігіне жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты. Президент Эммануэль Макрон жаңажылдық үндеуінде азаматтарға алдағы апталар өте қиын болатынын ескертті.

Реклама
Реклама

Бұған дейін премьер-министр Жан Кастекс 3-23 қаңтар аралығында кинотеатрларда, театрларда, сондай-ақ, қоғамдық көліктерде және стадиондарда тамақ ішу және сусын ішу тыйым салынатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, кей жерлерде аптасына кемінде үш күн қашықтан жұмыс істеу енгізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная