Францияда 17 жастағы жасөспірім әткеншекке мінгеннен кейін қайтыс болды. Полиция қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Оқиға 6 тамызда курортты Кап-д’Агд қаласындағы луна-паркте "Адреналин" атты әткеншекпен сырғанау кезінде болған. Бұл әткеншек 60 метр биіктіктен құлау имитациясы. Куәгерлер түсірген видеода адамның орындықтан құлап кеткенін көруге болады, ал конструкция қозғалысы тоқтамаған.
Механизмдегі ақау саладарынан 17 жастағы жігіт қайтыс болды, ал 19 жастағы қыз бала ауыр жарақат алған.
Осы оқиғадан кейін әткеншектер саябағы жабылды. Луна-парк менеджерлері полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!