Финляндияда эмоциялар онлайн-музейі ашылды. Бұл туралы Европульс жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Виртуалды экспозиция баяндаушылардың COVID-19 пандемиясымен байланысты маңызды оқиғаларға қатысты сезімін бөлісуді ұсынады. Бұл, мысалы, концерттерді алып тастау, дүкендердегі дәретхана қағазының жетіспеушілігі немесе қашықтан жұмыс істеуге көшу.
Көрме Финляндия тұрғындары жазған мақалалардан тұрады (ағылшын тілінде аудио нұсқалары бар). Оларда спикерлер әдеттегі өмір ырғағының өзгеруінен туындаған жеке ойын бөліседі. Әрбір материалға тақырыптық статистика және суреттер қоса жүреді.
Музейге келушілер "эмоциялар жинағын" толықтыра алады. Ол үшін әр мақалада интерактив бөлім бар, онда туристер өз тәжірибесі немесе оқиғасы туралы сөйлесе алады.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!