Филиппинде Тааль жанартауы атқылады. Тұрғындар эвакуацияланып жатыр

Филиппинде 26 наурызда Тааль жанартауы атқылады. Одан шыққан күл 1,5 шақырым биіктікке дейін көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлер әлеуметтік желілерде оның суреттері мен видеосын бөлісті.

Филиппиндік БАҚ мәліметінше, елде қауіптің үшінші (бестен) деңгейі жарияланды. Тааль маңында орналасқан елді мекендерден тұрғындар эвакуацияланып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!