Қытайдан келген туристі Филиппиндегі түнгі клубта біреулер ұрлап, 20 күн ит үйшігінде ұстады. Зардап шеккен турист-қыздың аты-жөні аталмайды. Бұл туралы Daily Star жазады.
Басылым мәліметінше, Шанхайдың тумасы Анджелес қаласында құрбысымен жүргенде шабуылға ұшыраған. Кейіннен қыздың сүйіктісі полицияға жүгінді. Ер адам оған белгісіз нөмірден телефонға видео келгенін айтты. Видеода сүйіктісін бейсбол таяғымен ұрғаны түсірілген. Сондай-ақ, оның айтуынша, шабуылдаушылар 180 мың фунт стерлинг талап еткен.
Жәбірленуші ұрылардан қашқан, содан кейін оны полиция қызметкерлері тапты. Құқық қорғау органдары туристі ұстаған үйге барды, бірақ күдіктілер жасырынып үлгерді. Тәртіп сақшылары бұл бөлмеде бірнеше жастық пен ит жәшігі бар екенін растады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!