Еуропаның тағы бір елі туристер үшін COVID-19 шектеулерін өзгертіп жатыр

Люксембург. Фото: pixabay.com

Люксембург билігі 1 қазаннан бастап, елдің "ковид" мәртебесіне қарамастан, үшінші елдерден келген барлық саяхатшы үшін коронавирусқа байланысты кіру шектеулерін алып тастауға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Люксембург билігі 1 қазаннан бастап, елдің "ковид" мәртебесіне қарамастан, үшінші елдерден келген барлық саяхатшы үшін коронавирусқа байланысты кіру шектеулерін алып тастауға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom сайтына сілтеме жасап.

"2022 жылдың 1 қазанынан бастап Еуропалық Одақтан немесе Шенген аймағынан тыс жерде тұратын үшінші елдердің азаматтары Ұлы Герцогтікке кез келген сапарға, соның ішінде маңызды емес сапарларға (яғни туристік немесе басқа себептермен), вакцина мәртебесіне қарамастан қайта кіре алады", - делінген ел билігінің хабарламасында.

Реклама
Реклама

Яғни, жаңа шешім күшіне енгеннен кейін, үшінші елдердің саяхатшылары Люксембургке келген кезде вакцина немесе сынақтар туралы анықтаманы ұсынуға міндетті емес.

Дегенмен туристерге виза қажет. Барлық мүдделі тұлғалардың жарамды төлқұжаты және қысқа мерзімді визасы болуы керек. Сондай-ақ, мәлімдемеде Люксембургте туристерге 90 күннен аспайтын мерзімге рұқсат етілгені атап өтілді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная