Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметінше, Еуропадағы ең ыстық жер Сицилия аралында орналасқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Европульс" порталына сілтеме жасап.
2021 жылдың 11 тамызында Сицилия аралының Сиракуза қаласында ауа температурасы +48,8 градусқа жетті. Аталған рекорд үш жылдық тексерістен кейін ресми түрде танылды. Себебі мамандарға жергілікті метеостанция жинаған деректердің дұрыстығына көз жеткізу үшін осынша уақыт қажет болған.
Бұған дейін Афина Еуропадағы ең ыстық қала саналған болатын. Онда 1977 жылғы 10 шілдеде ауа температурасы +48 градусқа дейін көтерілген. Алайда, бұл рекорд әлі тәуелсіз бағалаудан өтпеген.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!