Еуропалық танымал курортта дресс-кодсыз туриске айыппұл салынады

Италияның Сорренто қаласының басшысы Массимо Коппола курорттың көшелерінде "жалаңаш" жүрген туристерге айыппұл салынады деп мәлімдеді. Бұл туралы ANSA хабарлады.

Жаңа ережелерге сәйкес, жағажайдан тыс жерде купальникте жүрген демалушыларды жергілікті полиция 25-тен 500 еуроға дейін жазалауы мүмкін. Еуропалық танымал курорт мэрінің айтуынша, дресс-кодтың болмауы жергілікті тұрғындар арасында наразылық пен қолайсыздықты тудырып қана қоймай, олардың өмір сүру сапасын нашарлатады, сонымен қатар коммунаның имиджіне теріс әсер етеді.

Сонымен қатар, Коппола орынсыз киімді көпшілік сыртқы әдептіліктің бұзылуы ретінде қабылдайтынына назар аударды, ал "қоғамдық орындарда өмір сүру жағдайларын сақтау және жақсарту қала әкімшілігінің стратегиялық мақсаты болып саналады".

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!