Еуропалық тағы бір ел туристерді қабылдайды

Фото: pixabay.com

Туристер арасында  еуропалық танымал ел болып саналатын Румыния билігі коронавирусқа байланысты шектеулердің бір бөлігін алып тастайды және 1 маусымнан бастап шетелдік саяхатшыларға кіруге рұқсат береді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Туристер арасында  еуропалық танымал ел болып саналатын Румыния билігі коронавирусқа байланысты шектеулердің бір бөлігін алып тастайды және 1 маусымнан бастап шетелдік саяхатшыларға кіруге рұқсат береді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Республикаға кіру үшін саяхатшылар коронавирусқа ПТР-тест тапсырғаны немесе антидене бар екені туралы анықтама ұсынуы керек. Шекарадан өтудің тағы бір тәсілі - COVID-19-ға қарсы толық вакциналау.

Реклама
Реклама

Дәл осындай талаптармен елдегі азаматтарға қатысушылар саны мың адамға дейін ашық ауада іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді. Сонымен қатар, қазір көшелерде сегіз адамға дейін топтасуға болады. Түнгі клубтар мен барлар ашылады, тек ондағы келушілер саны жалпы адам санының 50 пайызынан аспау керек.

Румыния премьер-министрі Флорин Кыцу билік қалған шектеулерді біртіндеп алып тастауды жоспарлап отырғанын айтты. Әр екі апта сайын жаңа тыйымдар алынып тасталады. Мысалы, 15 мамырдан бастап көшеде бетперде киюдің қажеті жоқ болған еді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная