Еуропалық әуекомпаниялар жолаушылардың ақшасын қайтаруды жеңілдетті

Еуропалық әуекомпаниялар рейс тоқтатылған жағдайда жолаушылардың ақшасын қайтаруды бастайды. 16 әуекомпания ақшаны жеті күн ішінде қайтаруға уәде берді , - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі АТОР сайтына сілтеме жасап.

Еуропалық комиссия баспасөз қызметінің мәліметінше, Тұтынушылар құқығын басқару ұлттық органдарының желісі құрамына Бельгия, Германия, Грекия, Италия, Испания және Швециядан үйлестіруші ұйымдар кіреді. Еуропалық комиссияның және жолаушылардың шағымдарында жиі айтылатын 16 әуекомпанияның қолдауымен рейстер тоқтатылған жағдайда жолаушыларға уақытылы өтемақы төлеу туралы келісімге келді. Сондай-ақ, олар дәлірек ақпарат беруге міндеттеме алды.

 Көрнекі сурет ©Shutterstock

ЕК ақпараты бойынша, тізімінде мына әуекомпаниялар бар:

- Aegean Airlines,

- Air France,

- Alitalia,

- Austrian Airlines,

- British Airways,

- Brussels Airlines,

- Easyjet,

- Eurowings,

- Iberia,

- KLM,

- Lufthansa,

- Norwegian,

- Ryanair,

- TAP,

- Vueling,

- Wizz Air.

Жалпы тізімнен Қазақстанға Lufthansa және Wizz Air әуекомпаниялары ұшады.

Еуропалық комиссияның мәліметінше, келісімге қатысқан әуекомпаниялардың көпшілігі пандемияның алғашқы кезеңдерінде жолаушылардың пайдалана алмай қалған ваучерлерін, егер жолаушы қаласа, ақшамен өтелуі мүмкін деп келіскен. Сонымен қатар, делдал арқылы рейске тапсырыс берген және өтемақы алуға қиналған жолаушылар әуекомпанияға барып, ақшаны тікелей қайтаруды сұрай алады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!