Еуропадағы музейлері мен көрнекі орындары тегін үш қаланы білесіз бе?

Биыл туристер саяхат кезіндегі шығындарды есептеу мен қысқартуды басты назарға алды. Сол себепті саяхаттауды брондау компаниясы зерттеу жүргізіп, Еуропадағы музейлері мен көрнекі орындары тегін қалаларды анықтады, - деп хабарлайды Traveloffpath.com.

Omio компаниясының зерттеуіне сәйкес үш қала бар, олардың әрқайсысында 400-ден аса тегі көрнекі орын мен музейлер бар. Бұл қалалар - Рим, Лондон және Париж. Бұл рейтинг тегін кіру нысандардың саны бойынша жасалған.

Тізімде бірінші тұрған - Рим. 553 көрнекі орын мен 34 тегін музей. Егер сіз аз қаражатпен мәдени демалыс ұйымдастырғыңыз келсе, Италия астанасы сіз үшін таптырмас қала. Мұнда саяхаттау жоспарына римдік Пантеон, Торре-Ардженина (мысықтар ежелгі ғимараттардың үйінділерінің арасында өмір сүреді, оның ішінде Цезарь өлтірілген жер де бар) мысықтар қорығына бара аласыз.

Лондон - музейге баратындарды ұнататындар мен кіру билетіне шығындалғысы келмейтіндер тізімінде екінші қала. Мұнда 487 көрнекі орын мен 95 тегін музей бар. Мұнда өнер туындыларын жақсы көретіндер үшін 1500 жылдан бері бүгінге дейін жиналған коллекциясы бар Тейт Модерн музейіне, ал табиғат сұлулықтарын сүйетіндер үшін жапониялық бағы бар Холланд-саябағына баруға болады.

Париждегі көптеген туристік орындар ақылы, алайда оған үздік үштікке енуге кедергі болмады - 27 музей мен 394 көрнекі орын тегін. Пер-Лашез қорымын көрсеңіз болады, бұл Париждегі ірі қорымдардың бірі, онда танымал адамдар жатыр. Тарихты сүйетіндерге Карнавал музейінде қаланың әйгілі тарихымен танысуға болады.

Осыған дейін, Еуропадағы арзан елдер тізімін жариялады. 2023 жылы Еуропада саяхаттауға ең арзан елдер тізіміне Румыния, Португалия және Словения енген.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.