Еуропадағы жағажайы танымал ел туристерге кіруді жеңілдетті

Черногория билігі саяхатшылардың кіру ережелерін жеңілдетті. Бұл туралы Ресейдің туроператорлар қауымдастығының (АТОР) сайтында жазылды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы.

Ведомствоның мәліметінше, қазір Еуропа мемлекеттеріне келген шетелдіктер ПТР-тестті 72 сағат бұрын емес, 48 сағатқа дейін тапсыра алады. Туристік компания өкілдері саяхатшылар үшін мұны маңызды жеңілдік екенін атап өтті, өйткені көптеген турист Черногорияға трансфер арқылы ұшады.

Сонымен қатар, 30 күннен аспайтын коронавирусқа IgG антиденелеріне оң тест болған кезде немесе вакцинация туралы сертификаты бар азаматтарға, оның ішінде ресейлік "Спутник V" вакцинаны салғандарға елге кіруге рұқсат етіледі. Бұл ережелер Черногорияға Косово, Албания, Босния және Герцеговина, Сербия мен Хорватиядан келген саяхатшыларға қолданылады.