Еуропадағы ең қауіпсіз елдер аталды

Gamblino порталының зерттеуінің арқасында Еуропадағы ең қауіпсіз елді анықтау мүмкін болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euromag сайтына сілтеме жасап.

Қауіпсіздік кез келген елдегі азаматтардың өмірі мен әл-ауқатының маңызды факторы болып есептеледі. Сонымен, сарапшылар Еуропа елдерін бірнеше критерийлер бойынша талдады: қылмыс ықтималдығы, жол апаттары, табиғи апаттар қаупі және жаһандық бейбітшілік индексі.

Талдау жұмыстары нәтижесінде Еуропадағы қауіпсіздік бойынша бірінші орында өзінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігімен, сондай-ақ жоғары өмір сүру деңгейімен және дамыған экономикасымен танымал Швейцария көш бастады.

Екінші орынды Исландия иеленді, үздік үштікке Норвегия шықты. Рейтингте Дания, Люксембург, Финляндия, Ирландия, Нидерланды, Австрия және Швеция үздік ондыққа енді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!