Еуропадағы ең биік таудың көлемі қысқарған

© pixabay.com/Simon

Еуроодақтың ең биік тауы екі метрге төмендеген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуроодақтың ең биік тауы екі метрге төмендеген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.

Еуропаның басты шыңы, Францияның оңтүстік-шығысындағы Монблан тауы кейінгі екі жылда 2 метр 22 сантиметрге кішірейген. Қыркүйекте өлшеу нәтижесінде таудың теңіз деңгейінен биіктігі 4805 метр 59 сантиметр болған. Соңғы рет өлшеу жұмыстары 2021 жылы жүргізілген.

Альпі шыңындағы тасты бөлігін жапқан қардың қалыңдығы төмендеп кеткен. Геодезист Жан де Гаре мұны жазда жауын түсімінің азаюымен байланыстырады. Алайда мұны түрлі ғалымдар әлі де зерттеп бағады.

Реклама
Реклама

Теңіз деңгейінен 4792 метрден кейін таудың жартасты бөлігі басталады. Оның қар жабындысы жыл сайын өзгеріп тұрады. 2001 жылдан бері зерттеушілер әр екі жыл сайын оны өлшеп келеді. Биыл алғаш рет ұшқышсыз аппарат қолданылған. Зерттеулер нәтижесінде мамандар Альпі тауының климатының өзгерістері туралы мәліметтер алуға мүдделі.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная