Еуропадағы экологиялық қалалар рейтингі жарияланды

Берлин туристер үшін Еуропаның ең экологиялық таза қаласы деп танылды. Германия астанасы Еуропаның басқа 28 танымал қаласынан озып кетті. Бұл қорытынды Вounce қосымшасында жақында жүргізілген сауалнамада жасалды.

Schengenvisainfo.com мәліметінше, зерттеу барысында Еуропа қалаларының рейтингі көптеген фактордан тұрды, соның ішінде тұрақты қонақүйлер саны, қоғамдық көлікті пайдалану, сондай-ақ ауа сапасы ескерілді. Сауалнамаға сәйкес, Берлиннің жалпы тұрақтылық рейтингі 10-нан 6.98 болды.

Осы зерттеуде ең көп ұпай жинаған Еуропаның үздік 16 қаласын келтіреміз. Олардың үшеуі Германияда анықталды.

Берлин, Германия (6.98)
Стокгольм, Швеция (6.93)
Цюрих, Швейцария (6.56)
Мюнхен, Германия (6.51)
Париж, Франция (6.40)
Рим, Италия (6.25)
Вена, Австрия (5.77)
Копенгаген, Дания (5.71)
Валенсия, Испания (5.40)
Франкфурт, Германия (5.29)
Хельсинки, Финляндия (5.24)
Лозанна, Швейцария (5.13)
Брюссель, Бельгия (5.13)
Лондон, Ұлыбритания (4.71)
Амстердам, Нидерланды (4.66)
Бухарест, Румыния (4.66)

Сауалнамаға сәйкес, София – Болгарияның астанасы, Дублин - Ирландияның басты қаласы, Белград (Сербия), Афина (Грекия) және Роттердам (Нидерланды) осы тізімнің соңында орналасқан, яғни олар Еуропадағы ең аз тұрақты қалалар болып саналады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!