Еуропада үй жануарларын әкелу ережелері өзгерді

Фото:depositphotos.com

16 қыркүйекте Еуропалық Одақ мысықтар, иттер және күзендер сияқты үй жануарларын әкелудің жаңа ережелерін енгізді. Енді бұл жануарлардың иелері Еуропалық Одақ аккредитациясынан өткен зертханада құтыруға қарсы антиденелердің бар-жоғын анықтауға сынама тапсыруы керек, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтыруға қарсы вакцинацияның жұмыс істегенін тексеру үшін жануарға қан анализі қажет. Тест вакцинациядан кейін 30 күннен ерте емес және ЕО-ға кіргенге дейін 90 күннен кешіктірілмей жасалуы керек. Тест тапсыруға жарамды зертханалардың тізімі Еуропалық Одақтың ресми сайтында жарияланған.

Сынақтан басқа, жануармен шекарадан өту кезінде ЕО стандарттарына сәйкес келетін ветеринарлық төлқұжат қажет болады. Бұл төлқұжат жөнелту елінде берілуі керек және оған қойылатын толық талаптарды Еуропалық Одақтың ресми сайтынан табуға болады. Сонымен қатар, жануарды чиптеу немесе сәйкестендіру татуировкасы болуы керек.

Реклама
Реклама

Жаңа шаралар құтырма ауруының таралуына бақылауды күшейтуге және Еуропалық Одақтағы адамдар мен жануарлардың денсаулығын сақтауға бағытталғаны атап өтілді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама