Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Еуропада туризм құлдырады: ЕО коронавирус картасын жаңартты


Коронавирустың жаңа толқыны еуропалық құрлықтың көптеген елін әбігерге салды. Осыған байланысты ЕО Денсаулық сақтау агенттігі ескерту жасады – туристер саяхат туралы біраз уақыт ұмыта тұруы керек, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі орталық (ECDC) аурудың жаңартылған алаңдаушылық картасын жариялады.

Кеңестің ұсынысын қолдау үшін жарияланған картадағы соңғы өзгерістерге сүйене отырып, орталық (ECDC) көптеген елде вирус жұқтырған жағдайлар көбейгенін мәлімдеді. Сондықтан, азаматтарға, әсіресе вакцина алмаған және антиденелері жоқ саяхатшыларға туристік, қызыл немесе қою қызыл тізімдегі аймақтарға кірмеу ұсынылды.

ЕО Денсаулық сақтау агенттігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, Исландия, Ирландия, Бельгия, Нидерланды, Чехия, Словения, Австрия, Лихтенштейн, Хорватия, Словакия, Венгрия, Болгария, Греция, Латвия, Эстония, Литва және Германияның жартысы, Румынияның жартысы және Норвегияның жартысы қазір қара қызыл елдер санатына жатады, яғни коронавирусты жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл жіктеу осы елдерде соңғы екі аптада 100 мың адамға шаққанда COVID-19 жұқтыру 500 жағдайдан асқанын білдіреді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды