Еуропада пандемияның "қою қызыл" аймағына қай елдер кіретіні хабарланды

ЕО елдері басшыларының қатысуымен өткен видео саммит нәтижесінде коронавирустың жаңа түрлерінің таралуына байланысты одақ елдеріндегі эпидемиологиялық жағдайдың түс классификациясын өзгерту туралы шешім шығарылды. Оған "қою қызыл" түс қосылатын болды. Бұл туралы Брюссельде өткен баспасөз мәслихатында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Фон дер Ляйен түсіндірмесіне сәйкес, жаңа түс коронавирустың жаңа штамы таралған Еуропалық одақ елдері мен аймақтарын белгілейді.

"Шекара ашық болуы үшін бізге қауіпсіз болуға мүмкіндік беретін нақты шаралар қажет. Жоғары қауіпті аймақтарды анықтау үшін картадағы белгілерді өзгерттік. Сол себепті жаңа категорияны енгізудеміз: қою қызыл түске боялған аймақтар - бұл вирустың жаңа түрлері тез таралатын аумақтар", - деді ол.

ЕК басшысының айтуынша, осы аймақтардан келген жолаушылар кетер алдында тест тапсырып, келгеннен кейін карантинге жіберілуі керек. "Жағдайдың ауырлығын ескере отырып, аса қажеттілік тудырмайтын сапарларды кейінге қалдыруды ұсынамыз", - деп толықтырды фон дер Ляйен.

ЕК басшысы Еуропалық одақ коронавирустың жаңа түлерінің пайда болып жатқанына алаңдайтынын атап өтті.

"Бізге ЕО-ның әртүрлі аудандарында жаңа коронавирус түрлернің болуы және таралуы туралы көбірек ақпарат қажет. Ол үшін Еуроодақ елдерінде оң нәтиже көрсеткен тесттерге және қосымша тест сынамаларына зерттеулер жүргізу қажет", - деп түйіндеді ол.

Еуропалық Одақ кеңесі өткен жылдың 13 қазанында коронавирус пандемиясына байланысты ЕО шеңберінде саяхаттарға шектеулер қоятын ұсыныстарды қарастырды.

Онда Еуропаның әр аймағы эпидемиологиялық жағдайды арнайы түспен белгіленген бірыңғай картаны, сондай-ақ ЕО-ның эпидемиология жағдайы ауыр аймақтарынан келген саяхатшылар үшін тестілеу мен карантиннен өтудің жалпы талаптарын жариялау қарастырылған.

Жаңа картаны апта сайын ECDC аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі Еуропалық орталық жариялайды. Онда арнайы мобильді қосымшада да бар.

ЕК-нің бұрын қабылдаған ұсынымына сәйкес, егер COVID-19 жұқтырудың жағдайы жалпы саны соңғы 14 тәулік ішінде 100 мың адамға шаққанда 25-тен аспаса, ал оң тестілердің саны жүргізілген барлық тестінің 4 пайызынан аспаса, онда ЕО ішіндегі сапарларға ешқандай шектеу болмауы тиіс. Картадағы мұндай аймақ жасыл түспен белгіленеді.

Қызғылт сары түспен 14 күн ішінде 100 мың тұрғынға шаққанда 50-ден аспайтын COVID-19 жағдайы тіркелген аудандар белгіленеді.

Сонымен қатар, сапарға шығуға болмайтын "қызыл" аймақтағы елдерге 14 күнде 100 мың адамға шаққанда 50-ден астам жаңа COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген және оң сынақтардың саны жүргізілген барлық тестілердің жалпы санының 4 пайызынан асатын аймақтар кіреді.

"Сұр" аймақта - эпидемиологиялық жағдайды бағалау үшін жеткілікті ақпарат жоқ өңірлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!