Еуропада жазғы демалыс үшін ең арзан қалалар тізімі жарияланды

2023 жылы жазғы демалыс үшін ең арзан еуропалық қала - Португалия астанасы Лиссабон болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Express таблоидына сілтеме жасап.

Басылым сұранысы бойынша сарапшылар Еуропа қалаларында саяхатшылар шығынын есептеп, жазғы маусым үшін ең тиімді қаланы анықтады. Мамандар екі түн түнеуді, екі адамға шарап пен кешкі ас, қоғамдық көлік пен көрнекі орындарға кіру құнын салыстырған.

Лиссабонда осы шығындарға 225 фунт (125 366 теңге) жұмсалады екен. Вильнюс қаласында да осыншама қаражат қажет екен. Рейтингте ары қарай Афины, Краков, Рига, Загреб, Будапешт тұр. Екі күндік демалыс бұл қалаларда шамамен туриске 140 000 - 185 000 теңгеге шығады екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!