Еуропада жағдай күрт нашарлады: ЕО туризм жабық болатын карта шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Shutterstock ©Shutterstock

Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі еуропалық орталық (ECDC) қара қызыл түсті карта шығарды. Бұл Еуропада ковидтің жағдайы соңғы екі аптада күрт нашарлаған соң қабылданды. Картадағы тізімге енген елдерде туризм жабық, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (ECDC) карталарының соңғы жаңартуы соңғы жеті күн ішінде бірнеше елде инфекцияның жоғары деңгейі тіркелгенін көрсетті.

ЕО Денсаулық сақтау агенттігінің мәліметінше, ЕО елдерінің көбі - Австрия, Бельгия, Болгария, Хорватия, Эстония, Ирландия, Латвия, Литва, Румыния, Словакия және Словения – қазіргі уақытта туризм үшін аса қауіпті елдер ретінде жіктеледі. Картада олар соңғы екі аптада осы мемлекеттердің барлығында 100 000 тұрғынға шаққанда 500-ден астам инфекцияның анықталғанына негізделген қара қызыл түспен белгіленген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) берген мәліметтерге сәйкес, қауіпті тізімге енген барлық елдің ішінде Румыния, Австрия және Болгарияда инфекцияның ең жоғары көрсеткіштері тіркеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel