Еуропа жаңа туристік маусымға дайын болмауы мүмкін

© pixabay.com

Еуроодақ елдері ковид-төлқұжаттарды – вакцинацияланған немесе COVID-19-бен ауырған адамдар үшін бірыңғай сертификаттарды келісу және енгізу бойынша бір мәмілеге келе алмай отыр. Бұл туристік маусымның басталуына кері әсер етуі мүмкін. Одақ ретінде нақты шешім шығарылмағандықтан, әр ел мәселені өздігінен шешуге мәжбүр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы tourdom.ru сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуроодақ елдері ковид-төлқұжаттарды – вакцинацияланған немесе COVID-19-бен ауырған адамдар үшін бірыңғай сертификаттарды келісу және енгізу бойынша бір мәмілеге келе алмай отыр. Бұл туристік маусымның басталуына кері әсер етуі мүмкін. Одақ ретінде нақты шешім шығарылмағандықтан, әр ел мәселені өздігінен шешуге мәжбүр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы tourdom.ru сайтына сілтеме жасап.

Bloomberg мәліметінше, қазір Еуропалық комиссия саяхатшылардың денсаулығы туралы барлық ақпаратты тіркеуге мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформаны құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда бұл үш айдан төрт айға дейін созылуы мүмкін. Себебі тек жүйені дамыту процесінде емес, сондай-ақ осындай сертификаттарды заңды рәсімдеуге байланысты мәселелерде де қиындықтар туындап отыр. 

Реклама
Реклама

Экономикасы туризмге тәуелді елдер ковид-төлқұжат енгізілгенін қолдайды. Алайда, ЕО-ның бірнеше елі, соның ішінде Бельгия мен Франция ковид-төлқұжатын енгізуге қарсы.

Ал ЕК басшысы Урсула фон дер Ляйен комиссия мүшелері бұл мәселе жан-жақты талқылайтынын мәлімдеді. Ол мұндай құжатты айналымға енгізу "медициналық қажеттілік" деп есептейді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная