Еуроодақ "жеңіл" шартпен кіре алатын елдердің тізімін қысқартты

Фото: pixabay.com

Мұндай тізімнен алты ел шығарылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мұндай тізімнен алты ел шығарылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Олардың қатарына АҚШ кірді. Бұл елде шілденің аяғынан бастап коронавирус жұқтырғандар саны айтарлықтай көбейді. Сонымен қатар, тізімде Үндістанның "дельта" штаммынан қатты зардап шеккен Израиль бар. Тағы Черногория, Македония, Ливан және Косовоны "жеңілдік" жасалған тізімнен алып тастау туралы шешім шығарылды.

Енді азаматтарына вирусқа қарсы шектеулердің жеңілдетілген режимі қолданылуы мүмкін мемлекеттер тізімінде 18 ел қалды. Олардың арасында Қытай, Жапония, Канада, Украина және тағы басқа елдер бар. 

Реклама
Реклама

ЕО ережелеріне сәйкес, Еуропалық Одаққа мүше әр ел "ақ тізімге" кіретін мемлекеттердің қонақтарына қарсы шектеулерді өз бетінше жеңілдетуге құқылы. Сонда тізімге ену ЕО елдерінің бәріне жеңілдетілген режиммен кіруге кепілдік бермейді. Дегенмен, Еуроодақтың кейбір мемлекеті қауіпсіз елдерден келген туристер үшін кіруді жеңілдету мүмкіндігін пайдаланады. Мысалы, оларды міндетті карантиннен босатады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная