Таллин әуежайы серіктестерімен бірге Эстонияда сутегі алқабын жасайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуе айлағының сайтына сілтеме жасап.
Еуропалық жасыл келісімге сүйене отырып, Эстонияның көптеген ұйымы мен қаласы Климаттық бейтараптыққа қол жеткізуді мақсат етіп қойды. Ал жасыл сутегі осы жолдағы шешімдердің бірі болып саналады. Сондықтан үш аймақ (Тарту, Пярну және Сааремаа), Тарту университеті, Эстонияның бес ірі энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорны (соның ішінде Таллин әуежайы) алғашқы жалпыұлттық сутегі алқабын (Hydrogen Valley Eesti (Eesti Vesinikuoru) дамытуда.
"Таллин әуежайы күн саябақтары арқылы "көміртекті бейтарап әуежай" мәртебесіне жету үшін үлкен қадамдар жасап жатыр. Бірақ жасыл сутегі климаттық бейтараптылыққа қол жеткізу үшін шешім ретінде қарастырылатындықтан және көлік пен авиацияда үлкен әлеуетке ие болғандықтан, біз Vesinikuoru-дың дамуына үлес қосқымыз келеді. Егер әртүрлі тарап, жанармай құю кешендерін өндірушілер мен жеткізушілер күш біріктірсе, онда кешенді тәсілге негіз қалауға болады және әуежай осы процестің бір бөлігі болғысы келеді", - деп түсіндірді AS Tallinna Lennujaam басқарма төрағасы Риво Тувике.
Алдағы алты жыл ішінде жасыл сутегі өндірісі кем дегенде Эстонияның алты аймағында дамиды деп күтілуде. Сонымен қатар, көлік-қойма инфрақұрылымы, оның ішінде импорттық және экспорттық терминалдар мен ЖМҚС инфрақұрылымы дамиды.
Эстонияда өндірілген сутекті қоғамдық көліктерде, ауыр жүк көліктерінде, темір жолдарда, кеме қатынасы, авиация және басқа да көлік түрлерінде пайдалану жоспарланған. Сутекті өнеркәсіпте шикізат ретінде, электр желісін теңдестіру үшін және тіпті ғимараттарды жылыту үшін де пайдалануға болады.
Қазіргі уақытта Эстон сутегі алқабының бағдарламасында 30-ға жуық жоба бар. Жаңа қатысушылар қосылады деп күтілуде, бұл жаңа жобалардың ашылуына ықпал етеді.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!