Эстонияда дүйсенбіден бастап белгісіз мерзімге дейін шектеулер енгізіледі

© pixabay.com

Пандемияның таралуын тоқтату мақсатында көптеген елдің үкіметі түрлі шаралар істеп жатыр. Соның бірі Эстония. Бұл елде мейрамханалар, театрлар және музейлер үш аптаға жабылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы kriis.ee басылымына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Пандемияның таралуын тоқтату мақсатында көптеген елдің үкіметі түрлі шаралар істеп жатыр. Соның бірі Эстония. Бұл елде мейрамханалар, театрлар және музейлер үш аптаға жабылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы kriis.ee басылымына сілтеме жасап. 

Эстонияның солтүстік-шығыс бөлігіндегі аудандарда 12 желтоқсаннан бастап әлеуметтік шектеулер енгізіліп жатыр. Бүкіл ел аумағында 14 желтоқсаннан басталады. Үкімет басшысы Юри Ратастың айтуынша, мұндай бастама денсаулық департаментінен түскен. Алайда ол осы шектеулер қанша уақытқа созылатынын айтпады, яғни індеттің беті бері қарамаса, бұл шектеулер ары қарай да созылуы мүмкін деген сөз. 

Реклама
Реклама

Премьер-министр жаңажылдық және Рождество мерекелерін адамдардың өз үйлерінде қарсы алатынына үміттенеді. Жаппай мәдени - көңіл көтеру шараларына белгісіз мерзімге тыйым салынған. Демалыс кезінде жоспарланған концерттерге, музейге не кинотеатрға бару мүмкін емес. 

Қонақүйлердің иелеріне де туристерді қабылдамау туралы ескертулер жарияланған. 

Спорт орталықтар, кружоктар және жасөспірімдер секциялары да осы себеппен жабылады. СПА салондары мен бассейндер жабық. Егер ұлттық құрама мүддесі үшін болған жағдайда тек жаттықтырушымен дайындалуға рұқсат беріледі екен. 

Сондай-ақ, ашық алаңда ұйымдастырылатын спорттық жарыстарғ рұқсат беріледі. Алайда мұндай шараларға көрермендер жіберілмейді. 

Кәсіби спортшыларға әлеуметтік шектеулер әсер етпейді. Бұл жоғарғы лигаға, сондай-ақ ұлттық құрамаға өту үшін сайысатын үміткерлерге де қатысты. 

Ал білім саласы туралы айтар болсақ, мұнда шектеулер аса қатаң. 14 желтоқсаннан бастап оқушылар мен студенттер білім мекемесіне жіберілмейді. Алайда мектепке дейінгі мекемелер бұрынғыша жұмыс істей береді. 

Елге келуші туристер ағзасында коронавирус инфекциясы жоқ екені толық расталмайынша, оқшауланады. 

Осы шектеулердің барлығын үкімет қатаң бақылауға алады. Денсаулық департаментінің бастамасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жергілікті атқарушы билік жүзеге асырады. Әрине кез келген шектеулер шығынға әкеп соғады, осы орайда Covid-19 салдарынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді. 

Статистикаға сәйкес, қазіргі уақытта Эстонияда 16 054 адам ауру жұқтырған. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная