"Есінен адасып, адамдарға шабуылдаған". Таиландта қазақстандық турист ұсталды

Полиция Таиландтың Пханган аралының Хаад-Рин жағажайында "адамдарға шабуыл жасап, мүлкін қасақана бүлдіргені" үшін қазақстандық туристі ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі жергілікті "CH3" телеарнасына сілтеме жасап.

Пханган полициясына Хаад-Рин жағажайында шетелдік туристің "есінен адасқаны" туралы хабар түскен.

"Ол адамдардың қыр соңынан қалмай, жергілікті тұрғындарға шабуыл жасап, курортта және жағажай маңындағы мейрамханаларда адамдардың мүлкіне залал келтірген", - деп хабарлайды "CH3" каналы.

Жергілікті құқық қорғау органдары қызметкерлері қазақстандықты ұстамақ болғанда, ол пирстен секіріп, теңіз ортасындағы жартастарға шығып алған.

"Ол қолымен бұлғап, қазақша айғайлаған (негізінде орыс тілінде - авт. түсіндірмесі), видеодан байқауға болады", - деп жазды таиландтық ThaiRath басылымы.

Полиция мәліметінше, ер адаммен бірге екі әйел болған, олар полицейлермен бірге судан шығып, өз әрекеті үшін жауап беруін талап еткен. Алайда тілді білмегендіктен келіссөздер қиынға соққан.

"СН3" телеарнасының мәліметінше, жасы мен есімі айтылмаған қазақстандық полицияға сыра ішіп, апиын шеккеннен кейін өзін ұстай алмағанын айтқан. Ер адам барлық залалды өтейтінін мәлімдеген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!