Ерлі-зайыптылар армандаған саяхаты үшін 782 миллион теңге төлейді

Норман мен Хелен Д'Силва 200-ден астам круизде болды және онымен тоқтамайды. Daily Mail басылымының мәліметінше, ерлі-зайыптылар тек байлардың қалтасы көтеретін арнайы сапарға шығу үшін үйлерін аукционға қойған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ерлі-зайыптылардың некесіне қырық жыл болды. Осы уақытқа дейін олар негізінен лайнерлерде саяхаттады. Қазір екеуі MV Narrative-де кабина сатып алуды армандайтын адамдардың қатарында. Айтпақшы, тұрғын үйлердің бағасы 875 мыңнан басталып, 8 миллион долларға жетеді.

Лайнер сапары 2026 жылға жоспарланғаны белгілі. Басылымның хабарлауынша, кеме үш жылда бір рет әлемді айналып өтіп, дүние жүзіндегі порттарда тұрақты аялдамалар жасайды.

Реклама
Реклама

Лайнер әлі құрастырылып жатқандықтан, жолаушылар тек болашақ кеменің суреттерін ғана көрді. Соған қарамастан, суреттер америкалықтар үшін маңызды шешім қабылдау үшін жеткілікті болды.

Фото: Instagram/@theworldofcruiseships

Норман мен Хелен Д'Силва Флоридадағы үйлерін сатады, бұл шешімге өкінбейтінін айтады. Басылымның мәліметінше, ерлі-зайыптылар кемедегі люкс пәтерлері үшін 1,7 миллион доллар (782 миллион теңге) төлейді.

Фото: Instagram/@theworldofcruiseships

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!