Ереже сақтамайды бірақ апат жоқ. Үндістандағы жол қозғалысы туралы қызық деректер

Егер осы елді көлік, байк немесе велосипедпен шарлайтын болсаңыз, мына кеңестер сізге пайдалы болары сөзсіз. Сіз өмір бойы жол ережесін бұзбай келіп, Үндістанға бара қалсаңыз мәдени шокта боласыз. Өйткені бұл елде жолдағы өмір өз ағысымен, әлемде мойындалған жол қозғалысы ережесіне (ЖҚЕ) мүлде бағынбайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туристас басылымына сілтеме жасап.

ЖҚЕ жоқ
Үндістан жоладрындағы басты ереже - жол қозғалысы ережесінің мүлде болмауы. Оны жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де сақтамайды. Жергілкті халық жолақтарды олай да, бұлай да кесіп өтіп, қарсы бағытпен жүретініне дайын болыңыз.

Секунд сайын дыбыс белгісі
Егер біздің елде жүргізушілер дыбыстық белгіні белгілі бір жағдайларда ғана пайдаланса, Үндістанда клаксонды үнемі басабереді. Бастапқыда бұл сізді ашуландырады, мәселен сіз байкпен келе жатырсыз, сізді көлік еш кедергісіз айналып өтеді, бірақ бәрібір ұзағынан "бипілдетеді".

Бағдаршам мен жол белгісі тым аз
Әрине ірі қалаларда инфрақұрылым нысандары алдында сіз бағдаршам мен жол белгісін көресіз, тіпті ережені де сақтайтын жүргізушілер бар. Алайда туристтік орындарда немесе шеткері аудандарда мұндай жоқтың қасы. Дегенмен жүргізушілер қозғалыс тым үлкен жол айрығында да жол апатына түспей жүреді.

Агрессия жоқтың қасы
Үндістан жолдарында агрессияның болмауы таңдандрады. Егер ешкім ЖҚЕ ұстанбаса, жанжалдар да болуы тиіс қой. Алайда мұндай мүлде жоқтың қасы. Бұған менталитет пен жылы күн райы әсер ететін босла керек.

Қауіпсіздік
Жалпы, Үндістан жолдары біз үшін хаос, бірақ онда қауіпсіз екені байқалады. Сіз көлік тола жол қиылысынан велосипедпен өтіп бара жатсаңыз да, сізге дыбыстық белгі бергенімен, өткізіп жібереді. Кейде жылы шыраймен күліп, сәт сапар да тілейді!

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!