Ер адам сүйіктісіне Эйфель мұнарасында үйленуге ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © pixabay.com Иллюстрация. © pixabay.com

Парижде тоғыз айға жуық болған үзілістен кейін Эйфель мұнарасы ашылды. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Германиядан келген туристер бұл оқиғаны қалай пайдаланғанын айтып береді.


Парижде тоғыз айға жуық болған үзілістен кейін Эйфель мұнарасы ашылды. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Германиядан келген туристер бұл оқиғаны қалай пайдаланғанын айтып береді.

Эйфель мұнарасы коронавирус пандемиясына байланысты жабылған болатын. Алайда, қазір келушілерді қайта қабылдай бастады.

Эйфель мұнарасына алғашқы келушілердің бірі Германиядан келген туристер болды. Эрик Гопел мүмкіндікті пайдаланып, мұнараның жоғарғы палубасында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Париждің панорамалық көрінісін тамашалап тұрған сәтте 29 жастағы Гопел тізесін жерге қойып, 25 жастағы Катя Панкеге сақина ұсынды. Қыз оның ұсынысын қабылдады.

"Мен бақыттымын! Мен не айтарымды да білмеймін", - деп қыз қуанышымен бөлісті.


Видео Youtube/Inside Edition

Эрик Гопелдің айтуынша, қызы Парижге келуді армандаған. Енді бұл қала олар үшін ерекше мекен болып қалады.

Париждегі Эйфель мұнарасы келушілерге 16 шілдеде ашылды. 20 шілдеге дейін аттракцион барлық турист үшін, ал 21 шілдеден бастап тек COVID-19-ға қарсы вакцина салдырған адамдар үшін ашық болады.

TengriTravel