Ер адам Сидней - Фиджи аралдары рейсінің жалғыз жолаушысы болған

© pixabay.com

Ер адам Сидней қаласынан Фиджи аралдарына ұшқан рейстің жалғыз жолаушысы болған. Әуежайдағы қаңырап тұрған отырғызу залын және ешбір адам жоқ ұшақ салонын түсірген видеоны ол "Тик-Ток" желісінде жариялады, - деп хабарлайды The Sun.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ер адам Сидней қаласынан Фиджи аралдарына ұшқан рейстің жалғыз жолаушысы болған. Әуежайдағы қаңырап тұрған отырғызу залын және ешбір адам жоқ ұшақ салонын түсірген видеоны ол "Тик-Ток" желісінде жариялады, - деп хабарлайды The Sun.

Робби Аллен есімде жігіт Virgin Airlines рейсінің жалғыз жолаушысы болғанын естігенде таңғалысында шек болмаған. Бастапқыда ол бұл жағдайдан үрейленген, алайда кейін үйренісіп, жалғыз ұшудың ләззатын сезінген.

Реклама
Реклама

"Капитан маған келіп, жаныма отырып, сөйлесті. Бортсеріктер маған барлығын берді", - дейді турист.

Аллен өзін VIP-жолаушы сезінгенін айтады, алайда оның бірінші санатқа ауысуына мүмкіндігі болмаған. Саяхатшыға тегін просеко, тағамдар берілген.

@robbieallen It was creepy at first but then amazing, just wish I hadn't already paid for business class ??‍♂️? (don't judge my horrible tik tok skills lol) #virginaustralia @Virgin Australia #fypシ #fiji #fyp #zyxcba #sydney #fijitiktok #australia #maori #avgeek #aviation ♬ original sound - Robbie Allen

Айта кетейік, былтыр Лондоннан Орландоға British Airways рейсімен сегіз сағат ұшқан ер адам ұшақтың жалғыз жолаушысы болды. Ол төрт орындыққа шынтақтарын түсіріп, бос ұшақта өзін-өзі импровизацияланған төсек жасағанын айтты. Жолаушы мұндай ұшуды оның өміріндегі ең таңғаларлық оқиға деп атады.

2021 жылы израильдық бай адам 160 адамға арналған ұшақта жалғыз жолаушы болды. Әуе кемесі Тель-Авивтен Касабланкаға және кері бағытта ұшып келген. Мароккода уақытша тұратын кәсіпкер Жерорта теңізі еліне емделуге жеткізу үшін лайнерді шұғыл түрде жалға алуға мәжбүр болған.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная