Ер адам шар кабеліне сәтсіз жабысып, куәгерлердің көз алдында қайтыс болды

Ер адам көкке көтерілген шардың арқанына ілініп, биіктіктен құлап, куәгерлердің көз алдында қайтыс болды. Оқиғаның видеосын The Times of Israel жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Оқиға сейсенбіде, 19 қазанда, Израильдегі Афула қаласының жанында болды. Жергілікті полицияның дерегіне сәйкес, шар экипажының мүшесі болған 28 жастағы Йогев Коэн (Yogev Cohen) кездейсоқ аэростат сымына сәтсіз ілініп, онымен бірге биіктікке көтеріледі.

Өтіп бара жатқан көліктің терезесінен түсірілген кадрларда Коэн себеттің жақтауына жабысып, шардың бүйірінен қалай ілулі тұрғанын көруге болады. Әуе кемесінде болған туристер мен экипаждың басқа мүшелері не болып жатқанын түсінгенмен, ұшып бара жатқан шарды тоқтата алмады. Олар сонымен бірге израилдікті бортқа көтеруге тырысты, бірақ ол құлап кетті.

Оқиға орнына келген дәрігерлер Коэннің бірденқайтыс болғанын анықтады. Полиция апаттың мән-жайын тергеуді бастады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!