АҚШ-та балық ауламақ болған ер адамға қолтырауын шабуыл жасады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Mirror сайтына сілтеме жасап.
Ер адам жақын маңдағы тоғанда балық аулап жүрген. Бір кезде оған қолтырауын шабуыл жасап, балықшының қолын жұлып алған. Абырой болғанда оның қасында Рон Прист есімді ер адам болып, дереу медициналық көмек шақырды.
Дәрігерлер бірнеше минуттың ішінде келіп жетті. Жәбірленуші ауруханаға тікұшақпен жеткізілді. Медициналық мекеменің мамандары ер адамның қолын тігуге тырысты.
Мұндай жағдай қайталанбауы үшін мамандар адамға шабуыл жасаған қолтырауынның көзін жоюға мәжбүр болды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!