Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ер адам Дубайға тегін ұшып барудың жолын тауып, соттан бір-ақ шықты


Ер адам Дубайға тегін және заңсыз ұшу әдісін ойлап тауып, сот алдында жауап берді. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta басылымына сілтеме жасап.

Оқиға ақпан айында болған, бірақ ол туралы қазір ғана белгілі болды. Ұлыбританияның 25 жастағы тұрғыны Ян Илунга (Yann Ilunga) досымен Манчестерден Дубайға бірлескен сапар туралы келісімге келеді. Ер адам рейске билет сатып алмай, БАӘ-ге қалай тегін ұшуды ойлады.

Ол үшін Илунга бұрын Лондонның Хитроу әуежайынан (LHR) Манчестерге (MAN) ұшып келген досының отырғызу талонындағы әуежай кодын телефоны арқылы өзгерткен. Алайда, қауіпсіздік қызметі құжаттың қате екенін анықтаған. Илунгаға қателік барын айтып, оны түзетіп келуге кеңес беріледі. Сол жерде Илунга рейске сәтті тіркелген басқа жолаушының атын біліп алады. 

Кейінірек Илунга тағы да жалған билетпен ұшаққа отыруға тырысады, өзін сол жолаушының атымен таныстырады. Бірақ өтірігі бірден ашылады - қауіпсіздік қызметі оның төлқұжатын сұрайды. Илунга қамауға алынды, оның досы рейстен шығарылып, жауап алынды.

Сот Илунгаға бес айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ ол он күндік оңалту және 140 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды