Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ер адам демалысқа барып, әйелі мен ұлының көзінше қайтыс болды


Ұлыбританиялық турист сырғанап, басын тасқа соғып құлайды. Қасында әйелі мен ұлы болған. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай Испанияның Менорка аралында, еуропалықтар арасында танымал демалыс орны Маона қаласының жанында болды. 79 жастағы ер адам теңізге шомылуға барған, ал судан шыққан кезде ол тепе-теңдігін жоғалтып, ес-түссіз құлаған. Жақындары қасында болған. 

Көмекке келген дәрігерлер зейнеткер басының ауыр жарақатына байланысты қайтыс болғанын айтты, бірақ аутопсия нәтижелері әлі жарияланған жоқ. Куәгерлердің айтуынша, қайтыс болған адам отбасымен бірге курортта жиі демалыс өткізген.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды