Италияда полиция жедел тежегішті пайдаланып, жүзге жуық пойыздың кешігуін әдейі арандатқан ер адамды қамауға алды. Бұл туралы Wanted in Rome басылымы жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Болгарияның 47 жастағы азаматы Ломбардия, Лигурия және Пьемонт провинцияларындағы теміржол көлігінің қозғалысын бірнеше рет тоқтатты. Ер адам пойыз туннельде болған кезде жедел тежеуді әдейі қолданды.
Қаскөй Генуяда да осы әрекетін жалғастырып жатқан кезде ұсталды. Полицейлер оны камералар арқылы анықтады.
Қазір ол қамауға алынды. Ер адам қоғамдық көлікке зиян келтірді, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды тұлғаға қарсылық білдірді деп айыпталып жатыр.
Басылым өткен көктемде дәл сол адам экипажды Бергамодан ұшатын ұшақтың бағытын өзгертуге мәжбүр еткенін айтады. Мас күйінде болған ер адам қатты айғайлап, жолаушылар мен экипаж мүшелеріне қолайсыздық туғыза бастаған.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!