Ер адам 17 жастағы турист қызға үйін жалға беріп, артынша зорлаған

Сочиде жергілікті тұрғын үйінде анасымен бірге тұрған 17 жастағы туристі зорлады. Бұл туралы "Комсомольская правда - Кубань" құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Басылым мәліметінше, жасөспірім қыз бен анасы Краснодардан келіп, ақша үнемдеу үшін досы кеңес берген жеке пәтерді жалға алған.

Үйге жайғасқан соң туристер демалыстың басталуын атап өтеді және үй иесін дастарқанға шақырады. Ол 60 жаста болған. Анасы қызына алкоголь ішуге рұқсат береді. Біраз уақыттан кейін кәмелетке толмаған бала ауырып, жатын бөлмесіне көтеріледі.

Түн ортасында жасөспірім ауырсынудан оянып, көз алдында ер адамды көреді. Бастапқыда қыз анасына не болғанын айта алмайды. Төсегі мен іш киімін жуып, тазалап қояды. Бірақ кейін жағдайды айтып береді.

Жәбірленушінің анасы полиция бөлімінде шағым қалдырды. Оның айтуынша, ер адам оның қызын зорлаған. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!