ЕО туристерге баруға қауіпті 7 елді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет Фото pixabay.com Көрнекі сурет Фото pixabay.com

Еуропаның жеті танымал туристік елінде коронавирус жағдайы едәуір нашарлады. Осыған байланысты Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (CDC) саяхатшыларға осы қауіпті жерлерге барудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еуропаның жеті танымал туристік елінде коронавирус жағдайы едәуір нашарлады. Осыған байланысты Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы (CDC) саяхатшыларға осы қауіпті жерлерге барудан бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ECDC ұсынған мәліметтерге сәйкес, төменде аталған барлық елде соңғы екі аптада 100.000 тұрғынға шаққанда 500-ден астам ковид инфекциясы анықталды. Schengen visa info ақпаратына сүйенсек, осы себепті олардың барлығы қауіпті деп танылды және бөлім картасында қара-қызыл түспен белгіленген.

Мына елдер:

Болгария
Хорватия
Эстония
Латвия
Литва
Румыния
Словения

Коронавирустың одан әрі таралуын тоқтату үшін ЕО Денсаулық сақтау агенттігі қазір ең қауіпті бағыттарға жатқызылған елдерге және сол елдерден сапарларды шектеуді ұсынды. Алайда туристер ЕО елдеріне қолдарына вакциналау туралы сертификатпен және теріс ПТР-тестімен саяхаттауды тоқтатпай отыр.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная