ЕО-да жағдай нашарлады: омикронға байланысты жаңа шектеулер енгізілді

Фото ©РИА Новости

Омикрон штамы және COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың көбеюі Еуропа жұртын алаңдатып отыр. Осыған байланысты ЕО-ға мүше елдер кіру ережелерін қатаңдатады немесе шекараны толық жабады. Бұл туралы Еуропалық Одақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы туралы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Еуропалық орталық (ECDC) мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Омикрон штамы және COVID-19 инфекциясын жұқтырғандардың көбеюі Еуропа жұртын алаңдатып отыр. Осыған байланысты ЕО-ға мүше елдер кіру ережелерін қатаңдатады немесе шекараны толық жабады. Бұл туралы Еуропалық Одақтағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы туралы аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі Еуропалық орталық (ECDC) мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Еуропалық Одақ елдері мутантты штамның одан әрі таралуын болдырмау үшін шекарадан өту ережелерін қатаңдатты, әсіресе вакцина алмаған, үшінші елдерден келген туристерге, сондай-ақ омикрон анықталған аймақтардан келетіндерге аса мұқият талап қойылады.

Дегенмен, жоғары қауіпті елдерден қозғалыс екі аптаға жуық уақытқа шектелгеніне қарамастан, омикрон инфекциясы ЕО мен Шенген аймағында анықталды. Аурулардың алдын алу жөніндегі еуропалық орталықтың (ECDC) мәліметінше, 8 желтоқсандағы жағдай бойынша ЕО мен Еуропалық экономикалық аймаққа кіретін 21 елде омикрон инфекциясының 337 жағдайы тіркелген.

Реклама
Реклама

Омикрон жұқтыру саны бойынша ЕО/ЕЭА елдерінің рейтингі мынадай:

Дания. Осы уақытқа дейін Дания билігі 83 жағдайды растады.
Португалия – 37
Нидерланды – 36
Франция – 32
Норвегия – 29
Австрия – 15
Германия – 15
Бельгия – 14
Швеция – 13
Эстония – 13
Исландия – 12
Испания – 11
Италия – 11
Финляндия – 9
Эстония – 6
Грекия – 3
Хорватия – 3
Латвия – 2
Румыния – 2
Чехия – 2
Ирландия – 1
Лихтенштейн – 1

"Расталған жағдайлардың көбінде Африка елдеріне туризммен байланысты эпидемиологиялық қатынас бар, кейбір саяхатшы Африка мен Еуропа арасындағы басқа аймақтарға ұшатын рейстерге отырған", - деп жазды ECDC.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная