ЕО COVID-19 вакцинасын салдырған туристерге шекараны ашуы мүмкін

Фото: pixabay

Еуропалық Одақ елдері коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристер үшін шекараны ашуы мүмкін. Бұл туралы AFP News агенттігі  Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Еуропалық Одақ елдері коронавирусқа қарсы вакцина салдырған туристер үшін шекараны ашуы мүмкін. Бұл туралы AFP News агенттігі  Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

19 мамырда Еуропалық дәрілік заттар агенттігі (ЕМА) мақұлдаған вакцинаны салдырған туристер үшін Еуропалық Одақ елдеріне кіруге келісімге қол қойылды. Басылымның мәліметінше, Еурокомиссия келісімі ұсыныс сипатында болған.

Реклама
Реклама

25 мамырда ЕО мемлекеттері мен үкімет басшыларының шұғыл саммиті өтеді. Кездесудің басты тақырыптарының бірі шетелдік азаматтардың қоғамдастық аумағына кіру ережелерін келісу болады деп күтілуде. Сондай-ақ, Одақтың барлық 27 елінде танылған вакциналау туралы сертификатты - "жасыл цифрлық рұқсатнаманы енгізу" мәселелері талқыланады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная