Ең қонақжай елдер антирейтингінде азиялықтар көш бастады

© pixabay.com

Welcoming Countries Rank тұжырымы бойынша 2023 жылы ең қонақжай емес елдер рейтингінде КХДР, Түркіменстан және Ауғанстан көш бастады. Бұл елдерге кіру үшін кез келген мемлекеттің азаматына виза қажет. Рейтингті Passport Index сарапшылары құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Welcoming Countries Rank тұжырымы бойынша 2023 жылы ең қонақжай емес елдер рейтингінде КХДР, Түркіменстан және Ауғанстан көш бастады. Бұл елдерге кіру үшін кез келген мемлекеттің азаматына виза қажет. Рейтингті Passport Index сарапшылары құрастырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Тізімге 200-ге жуық мемлекет енген, бір елге кіру үшін визаны қажет етпейтін елдер саны бірнешеу болуына байланысты (мысалы 198 елге 20 ел әлемнің 198 мемлекетінен келгендерге жеңілдетілген тәртіппен кіруге рұқсат береді) рейтингте 85 орын ғана бар.

Реклама
Реклама

Екінші орынға (84-орын) Бутан және Ливия жайғасты, олар небары үш елдің азаматтарына визасыз кіруге рұқсат береді. Антирейтингтің үшінші орнын (83) Эритрея иеленді, мұнда төрт елдің азаматтары визасыз кіре алады. Ары қарай 82-орында - Экваторлық Гвинея, 81-орында Алжир мен Судан тұр. Әлем жұртшылығының көбін тек визамен ғана кіргізетін елдер қатарында Камерун, Мьянма, Йемен, Сирия, Либерия, Науру, Конго және Чад бар.

Осыған дейін Қазақстан ең қонақжай елдер рейтингінде нешінші тұрғаны белгілі болған еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная