Emirates жолаушыларына ұшаққа отырғызылғаннан кейін қосымша орын сатып алуға рұқсат етілді

Emirates әуеакомпаниясы бортта кең отыруды қалайтын эконом-класс жолаушыларына жаңа қызмет ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы The Emirates сайтына сілтеме жасап. 

Ұшақтағы орынның брондалғанын растайтын құжаты бар эконом-класс клиенттері рейстегі бос тұрған "көрші" үш орынды сатып ала алады. Тек оларды алдын ала брондай алмайды. Жолаушыларға мұндай орын ұшу алдында тіркеу бөлімінде ғана сатылады.

Бір бос орын 55-тен 165 долларға дейін (23 мыңнан 69 мың теңгеге дейін) бағаланады, сондай-ақ қолданылатын кез келген салықты төлеу қажет.

Компания ерлі-зайыптылар мен балалары бар саяхатшылар арасында бұл қызметке сұраныс жоғары болатынына сенімді.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.