Эльбруста бір апта бұрын жоғалған альпинистердің денесі табылды

Эльбрус шыңына шыққан альпинистер бір апта бұрын жоғалған. Кеше олардың денесі табылды. Бұл туралы Ресей ТЖМ Эльбрус таулы іздеу-құтқару тобы Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz  порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, құтқарушылар таудың солтүстік баурайынан қыз бен оған жол көрсеткен гидтің денесін тапқан.

Альпинистер Азау базасына 21 сәуірде оралуы керек еді. Соңғы рет олар 17 сәуірде байланысқа шығып, ауа райының қолайсыздығына байланысты "екінші түнде қарға көмілуге" мәжбүр болғанын хабарлаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Эльбрусский ВПСО МЧС России (@elbrusskii_vpso)