Экспаттар үшін әлемдегі ең жайлы әрі жайсыз қалалар аталды

© pixabay.com/kirill_makes_pics

InterNations порталы басқа елге көшіп, жұмыс істеу үшін ең жайлы және жайсыз елдер рейтингін құрастырды. Сауалнамаға әр елде жүрген 12 065 экспат қатысқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

InterNations порталы басқа елге көшіп, жұмыс істеу үшін ең жайлы және жайсыз елдер рейтингін құрастырды. Сауалнамаға әр елде жүрген 12 065 экспат қатысқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Тізім бес негізге байланысты құралған: өмір сүру деңгейі, бейімделу жеңілдігі, шетелде жұмысқа орналасу нұсқалары, жеке қаржылар және эмигранттар үшін алғашқы қажетті көмек. Соңғысына легализация мен тұрғын үй мәселесі де қосылған.

Экспаттар үшін үздік он қаланың төртеуі Испаниянікі екенін айта кету керек.

Реклама
Реклама

Үздік қалалар ондығы мынадай:

Малага (Испания).
Аликанте (Испания).
Валенсия (Испания).
Рас-әл-Хайма (БАӘ).
Абу-Даби (БАӘ).
Мадрид (Испания).
​​​​​Мехико (Мексика).
​​​​​​​Куала-Лумпур (Малайзия).
​​​​​​​Бангкок (Таиланд).
​​​​​​​Маскат (Оман).

Жайсыз қалалар ондығы мынадай:

​​​​Милан (Италия).
​​​​Рим (Италия).
​​​​​​Ванкувер (Канада).
Гамбург (Германия).
Берлин (Германия).
Дублин (Ирландия).
Ыстамбұл (Түркия).
Лондон (Ұлыбритания).
Париж (Франция).
Сеул (Оңтүстік Корея).

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная