Ең экологиялық таза және жайлы жағажайлары бар, "Көгілдір ту" халықаралық марапатына ие болған ел - Испания болды. Бұл туралы Dunya басылымы Экологиялық құрылымның тәуелсіз қорына (FEE) сілтеме жасап жазады.
Басылым мәліметінше, жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін және қауіпсіз жүзуге жарамды жағажайлар саны бойынша екінші орынды Грекия иеленді. Рейтингтегі үшінші орын дәстүрлі түрде қазақстандықтардың сүйікті курорты - Түркияға кетті. Республиканың 551 жағажайы, 23 яхта маринасы, 41 туристік қайық және 10 жеке яхта барлығы беделді марапатқа ие болды.
Көшбасшылардың бестігіне Италия мен Франция жағажайлары енді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!