Лондоннан Орландоға чартерлік рейс шұғыл қонуға мәжбүр болды. Себебі әуеде екі иллюминаторда әйнектің жоғы анықталған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail порталына сілтеме жасап.
Бұрын Король Чарльз және Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак пайдаланған Titan Airways ұшағы Лондонның Станстед әуежайынан ұшқан. Алдыңғы күні бұл борт фильм түсіруге қолданылған.
Лайнердің бортында 11 экипаж мүшесі мен 9 жолаушы болды.
Ұшақ көтерілгеннен кейін адамдар салондағы суық және біртүрлі шуға шағымдана бастады. Соған қарамастан, ұшақ көтеріле берді.
Кейінірек борттың инженері не болып жатқанын тексерді және екі иллюминаторда әйнек пен тығыздағыш жоқ екенін анықтады. Бұл жерде жолаушылардың сыртқы әйнекке тиіп кетуіне жол бермеуге арналған пластикалық панельдер ғана болды.
Мәселе анықталған кезде ұшақ төрт шақырым биіктікке жеткен. Егер ол одан да жоғары көтерілсе, борттағы барлық адам есінен танып қалуы мүмкін еді, дейді сарапшылар.
Ұшқыштар бірден төмендеп, ұшу әуежайына оралу туралы шешім қабылдады. Осының арқасында трагедиядан аман қалды.
Тергеушілер ұшақты тексергеннен кейін фильмді түсіру кезінде әйнектер зақымдалды: бес сағат бойы борттың артқы жағы күннің шығуын имитациялайтын қуатты шамдармен жарықтандырылды деген қорытындыға келді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!