Emirates Airline компаниясында үш жылға жуық жұмыс істеген бортсерік екі келі салмақ қосқаны үшін қызметінен айырылды. Бұл туралы Mirror жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Бортсеріктің айтуынша, әріптесі оны тым үлкен деп атаған және басшылыққа шағымданғаны үшін жұмыстан кетуге мәжбүр болған. "Олар (компания басшылығы - ред.) менің салмағыма кім шағымданғанын мойындамады, бірақ мені өлшеп, енді менің дене салмағымның индексін (BMI) қадағалап отыратындарын айтты", - деді қыз.
Оның айтуынша, компания бортсерікті дене салмағын бақылау жөніндегі корпоративті бағдарламаға енгізген. Енді ол жыл бойы оның салмағын ескертусіз тексереді.
Бортсерік арықтау үшін жаттығу залына барған. Бірақ бақылаушылар келіп тексерген кезде үнемі салмағы ауыр болып тұрған. Сондықтан ол соңғы тексеруден кейін жұмыстан шығуға бел буған.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!