Егде жастағы турист орманда тамақсыз бір апта өмір сүрген

Таиландта зейнет жасындағы әжей бір апта бойы сусыз, тамақсыз ну орманда өмір сүріп, таңғаларлық жағдайда аман қалды, - деп хабарлайды Daily Mail.

Басылым мәліметінше, Германиядан келген 75 жастағы турист Барбара Элизабет Моника Глэг Лэнг Пхукетте қонақүйдің маңында серуендеп жүріп, бір аптаға жоғалып кеткен. 

Жергілікті полиция масштабты іздеу жұмыстарын жүргізген. Тікұшақтармен айналаны тексерген. Алайда турист кездейсоқ табылды: жерде жатқан әйелді үйінен алыс емес маңда ойнап жүрген таулы аймақтағы ауылдың баласы көріп қалған.

Реклама
Реклама

Саяхатшыға алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша Лэнг Альцгеймер ауруына шалдыққан. 

© ViralPress