Немістің Дрезден қаласының маңындағы Ракотцбрюке көпірі - Германиядағы ең көрікті де, жұмбақ жерлердің бірі. Жергілікті халық мұны шайтан көпір деп атайды. Мұның бәрі көпір мен оның суға түскен сұлбасының ерекше бейнесіне байланысты. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге туристерді бұл жер неліктен қызықтыратыны туралы баяндайды.
Көпір Германияның Габленц қаласы маңындағы Кромлау әсем саябағында орналасқан. Бұл - Дрезденнен солтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде. Көпір су үстінде биіктігі 35 метрлік тыныш жатқан су бетінде әдемі тас доға бейнесінде сұлу көрініс тудырады. Бұған өзендегі су деңгейі де әсер етпей қоймайды.
Доға тәрізді ерекше көпір 1860 жылы базальттан салынған. Ортағасырларда бұл бөліктерде мұндай материал болған емес. Сондықтан оны алыс Швейцария мен Богемиядан тасымалдауға тура келді. Сол жартастан базальт жыныстары, гроталар мен пирамидалар сол кезден бері саябақтың аумағын безендіріп келе жатқан тастар қолмен жиналған екен.
Тарихта мұндай ерекше көпір салған сәулетшінің аты сақталмаған. Алайда аңыз бойынша ол жұмысын аяқтауға көмекке шайтанды шақырыпты-мыс және ақысына көпірден алғаш өткен адамның жанын беруге келісіпті. Содан кейін зұлым күш адамның денесіне еніп, оған қалаған нәрсесін салуға көмектеседі. Көпір аяқталғаннан кейін зұлым рух денеден шығып, өзінің "сыйын" күтеді. Бірақ айлакер сәулетші көпірден алдымен итті жібереді. Алданғанын түсініп, ашуланған шайтан суға секіріп кетіп, қайтып ешқашан шықпапты-мыс.
Тағы бір аңызға сәйкес, сіз айлы түні қайықпен көпірдің астында серуендеп, бірақ суға қарамай және қол тигізбейтін болсаңыз, онда сіздің тілектеріңіз орындалады екен. Кейбір мистикалық құбылыстарды зерттеушілердің арасында көпір басқа әлемге, яғни о дүниеге есік ашады деген де болжам бар екен. 1983 жылы екі швед туристі осы саябақта із-түзсіз жоғалып кеткен; оларды соңғы рет жұмбақ көпірдің жанында көріпті.
Мистикалық құбылыстарды ысырып қойып, көпірге жай серуендеуге шығар болсаңыз, онда бәрі әкімшілік айыппұлмен аяқталады. Өкінішке қарай, бұл көпірде серуендеуге тыйым салынған. Себебі, оны мүмкіндігінше ұзақ сақтауға және сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін кіреберіске туристерді көпірден судан өтпеуге шақыратын қоршаулар мен белгілер орнатылған. Егер көпірден секіріп немесе серуендеп жүрген адамдардың суреттерін көрген болсаңыз, онда бұл өте жақсы жасалған фотошоп деп айтуға болады.
Осындай көңілсіз мәліметтерге қарамастан, сіз саябақ атмосферасымен барынша тыныстап, демалып және керемет кадрлар жасай аласыз. Оның аумағы айтарлықтай үлкен - 200 гектар. Мұнда бірнеше серуендейтін бағыттар мен көлдер бар. Жол бойында тегін автотұрақ, ал бірнеше шақырым жерде түнеуге болатын кемпингтер бар. Саябақта барокко стилінде жасалған 11 құмтасты мүсін орналасқан.
Сонымен қатар, 1850 жылы салынған XIX ғасырдағы Kavaliershaus жекежайына назар аударыңыз. Кромлау саябағын тұрғызу кезінде оның авторы Фридрих Герман Ретшке 1860 жылдары швейцариялық саяжай стилінде Kavaliershaus жекежайын салдырып, оны қонақүй ретінде пайдаланған. Кейінгі иелері оны негізінен жазғы резиденция ретінде пайдаланған. Интерьерді жөндеуге келтірген соң зәулім үй қайтадан пайдалануға жарамды болды. Бүгінде онда туристік ақпарат кеңсесі орналасқан, өйткені туристік ақпарат бюросы 2016 жылдың сәуір айында сарайға көшірілген.
Романтиканы жақсы көретіндер үшін саябаққа күзде (тамыз/қыркүйек) келу қажет, бұл кезде көлдің айналасындағы күзгі жапырақтар ерекше көңіл-күй сыйлап, жаныңызға тыныштық береді. Сондай-ақ, мамырда саябақ қызғылт және сары рододендрондар мен азалияға толған кезде өте сұлу болады.
Қалай жетуге болады: Берлиннен немесе Дрезденнен көлікпен жету ыңғайлы және жылдам. Сіз сондай-ақ, осы қалалардан пойызбен жете аласыз, бірақ сізге ауысып отыру қажет. Егер үш сағаттық пойызбен жүруді қаласаңыз, Берлиннен Котбус қаласына жете аласыз. Ол қаладан сізге саксондық Вайссвассер қаласына дейін басқа пойызға ауысу керек болады. Ол жерден 257-ші автобус жүреді және сізді әйгілі Кромлау саябағына дейін жеткізеді.
Маңызды жайт: қазіргі уақытта көл құрғап қалған, ал көпірде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстары тағы бірнеше жыл жалғасады деп күтілуде.
Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.