Дублинде 500 дронмен жарық шоу ұйымдастырылды

Ирландия билігі Әулие Патрик күніне орай Дублинде ұшқышсыз ұшу аппараттарының жарық шоуын өткізді, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы фестиваль сайтына сілтеме жасап.

Шоу шамамен үш минутқа созылды, оған 500 дрон қатысты. Оны Ирландияның ұлттық туристік ұйымы (Tourism Ireland) Дублин қалалық кеңесімен бірге ұйымдастырды. Жеңіл дрондар әртүрлі пішін бейнелеп, аспанда ұшты.

Үш минуттық видеода дрондар Дублиннің көптеген көрнекті жерін, соның ішінде Лиффи өзенінің үстіндегі Сэмюэл Бекет көпірін жарықтандырды.

Әулие Патрик күні - жыл сайын 17 наурызда тойланады. Бұл - Ирландияның көктегі қорғаушысы Әулие Патриктің қайтыс болған күні атап өтілетін мәдени және діни мереке.