Дубайдағы әйгілі сауда фестивалі қашан өтетіні белгілі болды

Дубай, БАӘ. Фото ©Shutterstock

БАӘ-де жаңа жыл мен қысқы демалыстарға жиналған туристерді ерекше ойын-сауық күтеді. Дубайда 27 қысқы Dubai Shopping Festival өтеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БАӘ-де жаңа жыл мен қысқы демалыстарға жиналған туристерді ерекше ойын-сауық күтеді. Дубайда 27 қысқы Dubai Shopping Festival өтеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Бұл сауда мерекесі бір жарым айға - 2021 жылдың 15 желтоқсанынан 2022 жылдың 29 қаңтарына дейін созылады.

"Дубай әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшылар мен туристер үшін ашық болғандықтан, біз Дубайдың ерекше сауда фестивалін - БАӘ-нің "Алтын" мерейтойы және "ЭКСПО-2020" дүниежүзілік көрмесі жылын өткіземіз", - деді Dubai Festivals and Retail Establishment (DFRE) бас директоры Ахмед Аль Қажа.

Реклама
Реклама

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл Burj Park-тағы танымал Market OTB және Al Seef-тегі DSF Market нарықтары Әмірліктерге оралады. Дәстүр бойынша фестивальге әлемнің жетекші брендтері мен мыңдаған бөлшек сауда дүкені, сондай-ақ Әмірліктің негізгі сауда кешендері қатысады. Фестиваль қонақтары "ЭКСПО-2020" алаңында жеке бағдарламаны тамашалай алады. Дәстүр бойынша эксклюзив көрмелер, ұтыс ойындары және көптеген жарнама күтіледі.

Шопингке құмар емес туристер үшін Dubai Shopping Festival қаланың әртүрлі бөлігіндегі әлемдік деңгейдегі жұлдыздардың концерттерін, дрондар шоуын, отшашуларды және көптеген қосымша ойын-сауық пен тосынсый ұйымдастырады.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная